Среда, 20.09.2017, 08:44
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

Кардиохирургическое отделение

Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер-кардиохирург

31-62-18


Кардиохирургия бөлімшесінің тарихы

     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұйрығы бойынша облыстық орталықтарда 2006-2009 жылдарға арналған «Кардиология және Кардиохирургия» саласын дамыту бағдарламасы шықты. Осы бағдарлама аясында Ақмола облыстық ауруханасында 2008 жылдың 1-ші сәуірінде №57 бұйрық бойынша бұрынғы ангиохирургия бөлімшесінде ангиография кабинетімен жабдықталған 20 керуертті кардиохирургия бөлімшесі ашылды.

Алғашында бөлімше 6 орынды орынды 3 палата және 2 субинтенсивті палатадан тұрды.

7 маман: 3 медбике, 4 дәрігер Каунас Медициналық Университеттік Клиникасында қайтамамандандырудан өтті.

Бөлімшеде алғашында бөлімше меңгерушісі болып интервенциялық кардиолог Рахимов Бахтияр Ерікұлы, кардиохирургтар: Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы, Тойбаев Алібек Арманұлы, ангиохирург: Дьячков Александр Васильевич, интервенциялық кардиолог: Айтымов Біржан Тасболатұлы, УЗИ дәрігер Бутембаев Руслан Дүйсенұлы, кардиолог Алибекова Динара Серікбайқызы қызмет атқарды.

Кардиохирургия бөлімшесінің аға медбикесі болып I санатты Фахрутдинова Нурия Равкатовна қызмет атқарып келеді.

Кардиохирургия саласының мамандары өз тәжірибелерін Россия, Литва, Израиль елдерінде алып, ары қарай дамытып келеді.

Кардиохирургиялық бөлімшесінде 2008 жылдың 7 шілдесінде алғаш рет аортокоронарлы шунттау операциясы Астана қаласының Ұлттық Ғылыми Медициналық орталықтың бас кардиохирургі Пя Ю.В.-тың көмегімен өтті.

Ары қарай кардиохирургия саласының дамуы тығыз Каунас Медициналық Университеттік Клиникасының «Жүрек Орталығының» бас кардиохирургі профессор Римантас Бенетистің атымен байланысты. Литва кардиохирургтарының 2008-2009 аралығында көрсеткен практикалық көмегінен кейін 2009 жылдың 8 желтоқсанында алғаш рет Ақмола облыстық ауруханасында жергілікті кардиохирургиялық дәрігерлермен маммарлы-коронарлы операциясы жасалды. Операция жасаған кардиохирург Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы.

Осыдан кейін аорто-коронарлы операциясы күнделікті жасалатын операция қатарына енді.

2008-2012 жылдар аралығында Ақмола облыстық ауруханасында жүрекке 500-ден  астам операция жасалды.

2012 жылдың 4-ші қаңтарынан бастап кардиохирургия бөлімшесі «Жүрек орталығы» кешеннің бірінші қабатына көшіп, бөлімше меңгерушісі Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы болып тағайындалды. Сол жылы бөлімшеде туа пайда болған ақаулары бар балаларға хирургиялық ем жасала бастады.

Қазір бөлімшеде кардиохирургтар Суханов Абунасыр Жетпісұлы, Торсықбаев Ермек Қосшанұлы; УЗИ дәрігер Алеева Сәуле Төлешқызы; кардиолог-аритмолог Гетманский Юрий Витальевич қызмет атқарады.

Кардиохирургиялық және интервенциялық кардиология бөлімшесінде жүректің ишемиялық ауруы, жүре пайда болған, туа пайда болған жүректің ақаулары бар науқастарға диагностикалық және хирургиялық ем көрсетіледі.

Кардиохирургтар Астана, Қарағанды, Тараз, Алматы, Каунас(Литва) қалаларының кардиохирургтарымен тығыз қарым-қатынаста.

 

 


Фотографии из галереи 


RSS

Руководство

Общие сведения

Новые Технологии

Научный отдел

Вход на сайт

Поиск

Календарь

«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Архив записей

О НАС

Адрес: Казахстан, 020000                      

Акмолинская область                                              

г. Кокшетау, ул. Сабатаева, 1            

Главный врач:

8 (7162) 26-61-61                    

Факс: 8 (7162) 26-67-08                                          

E-mail: aob_koksh@akmzdrav.kz - обл. больница    

Мини-чат врачей

Статистика

Рейтинг@Mail.ru
Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0